Алматыда желі арқылы «сауда» жасаған екі алаяқ ұсталды

polisia.kz
polisia.kz
Олар бес адамды алдаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының криминалдық полициясы Instagram желісінде бренд киімдерді сатамыз деген сылтауымен адамдарды алдап кеткен екі жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

«Алаяқтық тізбегі өте қарапайым болған. Ұсталғандардың бірі – 25 жастағы И.есімді азамат әлеуметтік желіде «almaty.sneaker» және «top.sneakerkross» парақшасы бар. Онда ол түрлі-түсті суреттер мен жеңілдіктер туралы ақпараттар берген. Ал 19 жастағы оның серіктесі болашақ сатып алушылармен байланысып, тапсырыстар мен төлемдерді қабылдаған. Олар түскен пайданы екіге бөліп отырған», – деп айтты Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қаланың бес тұрғыны осындай алаяқтық тізбекке ілінді.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Новости партнеров