Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Күдіктілер сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қол жеткізе алатыны белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Киберпол қазіргі уақытта интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін хабарлайды, жәбірленушілер атынан WhatsАpp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, олар қолжетімді барлық контактіге әртүрлі сылтаумен ақша жіберуді сұрайтын мәтінді жіберіп, үшінші адамдардың жалған шотын көрсетеді.

 – Күдіктілер зиянды сілтеме арқылы WhatsАpp аккаунтына қол жеткізе алатыны белгілі болды. Осыған байланысты Алматы полициясы азаматтарды ескертеді. Әдетте ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және т.б. түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ жеке деректерді енгізбеуді ескертеді, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

Кездейсоқ күдікті сілтемені бастым деп күмәндансаңыз, WhatsАpp қолданбасына өтіп, өзгертулер бөліміне кіріп, “байланыстырылған құрылғыларға” өту арқылы Whatsapp аккаунтыңызға параллель кіруді тексеруге болады. Ол жерде сіз қосылмаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, осы сессиядан дереу шығыңыз.

Оқи отырыңыз: Атырауда емізулі баласы үшін келіншектің жазасы жеңілдетілді

Новости партнеров