"Атырау" - "Ақтөбе" матчына келген жанкүйерлер бір-бірімен төбелесіп қалды
Скриншот видео
Атырау облысының полициясы төбелес шығарған жанкүйерлерді тез арада таратып жіберді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау облысының полицейлері "Атырау" - "Ақтөбе" командаларының футбол матчына дейін жаппай төбелеске қатысқаны үшін отыз адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелеске ұласқан жанжал 19 маусымда кешкі сағат 18:00-де "Атырау" - "Ақтөбе" командалары арасындағы матч басталар алдында болған.
"Полиция қызметкерлері Атырау қалалық полиция басқармасына қоғамдық орында құқықбұзушылық жасаған 30 адамды жеткізді. Тиісті құжаттар жиналып жатыр", - деді аймақ полициясы.
Сондай-ақ жанкүйерлерді тарату кезінде ешқандай арнайы құрал қолданылмағаныны айтылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30