Қарағанды ​​облысында колониядан "қашып кеткен" сотталушы ұсталды

07.06.2024 15:46

Ол алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқаны айтылды

elements.envato.com

Қарағанды облысының ҚАЖД қызметкерлері бірнеше күн бұрын жұмыстан кейін колонияға оралмай, қашып кеткен сотталушыны ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушының жүрген жерін колония қызметкерлері анықтаған. Ол алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқаны айтылды.

"Сотталған адам мекемеге қайтарылды. Оған заңға сәйкес шара қолданылады. Қылмыстық кодекске сәйкес, жазаны өтеуден жалтару екі жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматыда Жүргенов көшесіндегі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі