Түркістан облысында малшы өзгенің жылқыларын сатып жіберген

elements.envato.com
elements.envato.com
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын бақташыға малын сеніп тапсырған. Алайда оның аманатына қиянат келтірілген. Үш жылқысы ұрланған. Күдікті жәбірленуші азаматқа 2 млн теңге шығын келтірген. 

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеді. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы ер адамды жеткізіп, одан жауап алды. 

Белгілі болғандай, күдікті ер адам жылқыларды 2 миллион теңгеге сатып, ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Атырауда жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қайтыс болды

Новости партнеров