"Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалында ірі қара мал сатып алу үшін несие қаражатын алу кезінде алаяқтық фактілері анықталды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Тергеу барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген кредиттік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған, сондай-ақ бөгде тұлғаларға шаруа қожалықтарын ресімдеген 3 тұлға анықталды. Құқыққа қайшы әрекеттері арқылы олар мемлекетке жалпы сомасы 970 миллион теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірген", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта 3 күдікті ұсталды, оларға қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.
"Күдіктілердің шамамен 260 миллион теңгеге жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібімен тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.