Қазір күдіктіге қатысты заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау фактісі бойынша, сондай-ақ есірткі заттарын тасымалдау, өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Павлодарлық полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ер адамды ұстады. Ол есірткі құралдарының ірі партиясын өткізген. Тексеру кезінде одан белгісіз зат оралған 13 байлам тәркіленді. Кейін оның гашиш екендігі анықталды.
- Күдіктінің тұрғылықты жерінен қызметтік иттер өсімдік тектес заттар салынған 21 пакет тапты. Сондай-ақ қолма-қол ақша, таразы және тыйым салынған тауарды орайтын пакеттер тәркіленді. Тәркіленген каннабистің жалпы массасы 8,5 килограмм тыйым салынған заттарды құрап отыр. Күдікті қамауға алынып, оған қатысты есірктіні заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау фактісі бойынша, сондай-ақ тасымалдау, өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жалақысы төмен 10 маман