Қонаев қаласында атыс болып, жас жігіт қаза тапты

27.06.2024 15:54

Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Almaty.tv

Қонаев қаласында атыс болып, салдарынан 21 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқ тиген 2000 жылғы тағы бір азамат қазір ауруханада жатыр, халі ауыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, атысқа қатысқандардың жеке басы анықталды. 1995 және 1997 жылы туған күдіктілерге іздеу жарияланды.

– Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Аталған факт бойынша тергеу облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында, – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Мәлік Қабдуалиев.

Оқи отырыңыз: ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 азаматты ұстады