ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 азаматты ұстады

Фото: ҚР ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Алдын ала белгілі болған деректерге сәйкес, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде әуестенген болуы ықтимал, - делінген хабарламада.

Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік автобус апаты: жолаушы көз жұмды

Новости партнеров