Алматы облысы Іле ауданының әкімі ұсталды

04.09.2024 15:55

Бағдат Қарасаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған

instagram.com/bagdat.karasaev

Алматы облысында Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Антикор қызметкерлері әкімді 3 қыркүйекте ұстаған. Қарасаев қылмыстық кодекстің 361-бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) және 362-бабы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша күдікке ілінген.

Бағдат Қарасаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Айта кетейік, Бағдат Қарасаев Іле ауданын 2018 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келе жатыр. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз: Алматыда ашық аспан астындағы кино кештері жалғасуда