Балташы балтамен ойлайды: ер адам балалы отбасыға шабуыл жасаған

elements.envato.com
elements.envato.com

Мәліметтерге сай, ер адамның қолында балта болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында балта ұстаған ер адам бір жасар баласы бар ерлі-зайыптыға шабуыл жасамақ болды, - деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Шабуыл жасау әрекеті 11 ақпанда кешке Сарандағы Солнечная көшесінде болған. Жәбірленуші оқиға туралы әлеуметтік желіде айтып берді. Әйелдің айтуынша, сол күні кешке күйеуі және қызымен жеке секторға күйеуінің ағасына қонаққа келген.

Отағасы ағасының үйіне кіріп кеткенде, көлікте әйел мен бала отырған. Осы кезде қолына балта ұстаған бейтаныс адам көлікке жақындап, есік тұтқасынан тартып, фарларын сындыра бастайды. Ана мен бала көліктің құлыптанып тұрғаны арқасында ғана жарақаттан аман қалған.

"Ол есікті аша алмай, қайтып кетті. Мен тез күйеуіме қоңырау шалдым. Ол жүгіріп шығып, біздің жағдайды сұрады. Сосын бейтаныс адамға жүгіріп барғанда, балтасын сілтей бастады. Күйеуім кері қайтты. Оны ұстау үшін полицияға арыз жаздық. Бірақ бізге ештеңе істемейтіндерін айтты. "Ол ешкімді өлтіріп, жаралаған жоқ, оны түрмеге отырғызатын себеп жоқ" деді. Қазір ол үйінде. Келесі құрбан кім болады? Бұлай қалдыруға болмайды. Біз бәріміз адамбыз және бәріміздің балаларымыз бар. Осыдан кейін өмір сүру қорқынышты", - деді жәбірленуші.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствода күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша полицияға тіркелді. Құқықбұзушылық жасаған 58 жастағы ер адам анықталды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облыстық ПД өкілдері.

Ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болған

 

Новости партнеров