Бір айда синтетиканы қолдан жасайтын 5 өндіріс әшкереленді
Depositphotos
Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы қазанда есірткі бизнесіне қарсы бірнеше операция өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Синтетикалық есірткіні қолдан жасайтын 5 өндіріс және каннабис өсіруге арналған бір фитолабораторияның заңсыз жұмысы әшкере болды.
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасының жолы кесілді.
Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды.
Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсор тәркіленді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34