Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы экстрадицияланды

elements.envato.com
elements.envato.com
Күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесі нұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан.

Биылғы жылдың тамыз айында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.

Айта кетері, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Новости партнеров