Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі айда 40-тан аса қару-жарақ тәркіледі
пресс-служба КНБ РК
Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сәуір және мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірге қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел іздестіру шараларын жүргізді. Табылған қару-жарақтың ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғандары да бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соның нәтижесінде 42 қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді.
Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43