Маңғыстауда ер адамның көлігінен қызыл кітапқа енген 150 келі балық табылды

21.04.2021 16:11

Автокөлік жүргізушісі – 25 жастағы жергілікті тұрғын

polisia.kz

Маңғыстауда қызыл кітапқа енген 150 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында «Бекіре-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қызыл кітапқа енген балықтарды заңсыз аулау фактісі анықталды. Аталған іс-шара облыстың табиғатты қорғау полициясымен, ЖҚАЖ қызметкерлерімен, сондай-ақ Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонымен және Түпқараған ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Мәселен, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында полиция қызметкерлері «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Автомобильді тексеру кезінде полицейлермен жүксалғыштан жалпы салмағы 148 килограмнан асатын бекіре тұқымдас балықтар табылып, тәркіленді.

Автокөлік жүргізушісі – 25 жастағы жергілікті тұрғын. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.