Қазақстанда 27 сәуірде телехабар тарату уақытша тоқтатылады

21.04.2021 16:20

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі

Фото: cordbusters.co.uk

Қазақстанда телехабар тарату 27 сәуірде жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды «Қазтелерадио» АҚ  2021 жылғы 21 сәуірге жоспарланған. 

Бірақ ол 27 сәуірге ауыстырылып, жұмыстар Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүргізілуіне байланысты қазақстандық телеарналардың хабар таратуында үзілістер болуы мүмкін.