20 мың доллар пара алған: Қорғаныс министрлігінің қызметкері ұсталды

23.01.2023 16:18

Антикор Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады

ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Антикор Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілініп отыр», - делінген хабарламада.

Теги: ұсталды