Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясында алғашқы көлік Алматыда тіркелді

23.01.2023 17:04

Бүгін Алматы тұрғыны, 39 жастағы Сейілбек Олжабеков 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді

polisia.kz

Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік Алматыда тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін Алматы тұрғыны, 39 жастағы Сейілбек Олжабеков Алматыға 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді.

«Мен – көп балалы әкемін, осы көліктің арқасында күн көремін, жеке жолаушылар тасымалымен айналысамын. Мемлекет берген осындай бірегей мүмкіндікті пайдаландым. Бұл шынымен де халықты қолдау. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастыра алдым», – деді Сейілбек Олжабеков.

Еске салайық, бүгін, яғни, 23 қаңтар Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Кез келген көлік иесі бұл науқанды пайдалана алады және заңдастыруға өтініш бере алады.