Алматыдағы екі базарда 207 адам ұсталған
Еліміздің аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 7 939 адам ұсталды. Бұл туралы ІІМ жедел штабы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
10 қаңтардағы жағдай бойынша, Ұлттық Ұланның және арнайы бөлімшелердің әскери қызметкерлер жедел іс-шаралар өткізу кезінде Алматыдағы екі базарда 207 адам ұсталған.
Ұрланған 5 автокөлік, ұрланған тауар-материалдық заттар (жаңа компьютерлік процессорлар, ноутбуктер, музыкалық орталық), сондай-ақ 2 бірлік тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленді.