Танысына қарызын қайтармаған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды

23.08.2024 16:20

Күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады

elements.envato.com

Қарағанды облысында тұрғын танысына алданып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Polisia.kz мәліметінше, Шахтинск қаласының полициясы алаяқтық жасады деген күдікпен 22 жастағы жігітті ұстады. Ол 23 жастағы танысынан 1,4 млн теңгені қарызға алып, бір айдан соң қайтарамын деп уәде берген. Алайда күдікті сөзінде тұрмаған.

22 жастағы жігіт байланысқа шықпай, танысынан қашқан.

- Жәбірленуші полицияға арызданды. Күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Ол қарызға алған ақшасын танысына мүлдем қайтарғысы келмегенін айтты. Жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, – деп жазылған хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда Құлжа тасжолының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады