Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
«Туыстарына ақша аударған». Алматы облысының Талғар қаласындағы оқу орындарының бірінде есепші 90 миллион теңгеге жуық қаражат жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv
Облыстық прокуратураның деректері бойынша күдікті бюджеттегі қызметкерлердің жалақысынан көзделген ақшаны қымтып, өз игілігіне жұмсамақ болған. Теріс пиғылын сезікті таныстары мен туыстарына қаражат аудару арқылы жүзеге асырыпты.
– Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолдады, – деді облыстық прокурордың аға көмекшісі Мақсат Әбіров.
Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев: тау бөктеріне құрылыс салу мәселесі ерекше бақыланады