Ерболат Досаев: Тау бөктеріне құрылыс салу мәселесі ерекше бақыланады

Victor Glutsenko
Victor Glutsenko

Бұл туралы қала әкімі Медеу ауданында болған тұрғындармен кездесуде айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды күшейту мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мегаполис басшысы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының қолданыстағы нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

- Тау бөктерлеріндегі құрылыстың одан әрі дамуын шектеу үшін Бас жоспар мен жаңа ЕТЖ аясында бұл аймақтар рекреациялық аймақтарға жатқызылды. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап  беткейдің  тіктігі 15 градустан асатын учаскелерде  шағын қабатты көппәтерлі ғимараттар салуға тыйым салынады, - деді Ерболат Досаев.

Ол сондай-ақ қала беткейлердің қосымша геологиясын жүргізіп жатқанын атап өтті, өйткені Алматының айналасында топырақтың негізгі түрі-сазды.

- Топырақтың осы  түрі бар жерде құрылыс  жүргізу мүмкін емес, сондықтан қалада осы мәселе бойынша белсенді шаруашылық жұмыс жүргізілуде. Кейбір учаскелерде бірыңғай кәріз желілері жоқ, сондықтан біз осы мәселелермен айналысамыз, - деп толықтырды сөзін  қала әкімі.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасының көлемі артады

Новости партнеров