БҚО-да өзгені бопсалап, дүние-мүлкін тартып алған екі адам ұсталды

elements.envato.com
elements.envato.com

Қазір оларға қатысты бопсалау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысында екі жылдан бері өзгені бопсалаумен айналысып келген екі тұрғын ұсталды, деп хабарлады Almaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, олар жәбірленушінің арызынан кейін қолға түскен.

«Екі жылдай бопсалаумен айналысқан 1980 және 1966 жылы туған екі ер адам ұталды. Олар жәбірленушіге 11 миллион теңге шығын келтірген. Бұған дейін бопсалаушылар жбірленушінің саяжайы мен мүлкінің бір бөлігін өз атына жазып алған», - делінген хабарламада.

Ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір оларға қатысты бопсалау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Новости партнеров