|
02.04.2023 | 11:35
564

Шымкентте ақшаны қолдан жасаған тұрғын бас бостандығынан айырылды

Бұл туралы Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Камилхан Исмаилов айтты

Шымкентте ақшаны қолдан жасаған тұрғын бас бостандығынан айырылды Zakon.kz

Шымкентте ақшаны қолдан жасаған тұрғын 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Камилхан Исмаилов айтты.

"Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Э. деген азаматқа қатысты жалған 9 300 АҚШ долларын өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданды. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айрылды", - деді ол.

ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноттары мен монеталарын сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, шетел валютасын немесе ондағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтаумен айналысқандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша жазаланады.

Заң бұзушы жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесіне қарай мүлкі тәркіленеді немесе 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир