Алматы облысында екі шопан бастығын ақша үшін өлтірген

sn.kz
sn.kz
Ер адамдар арасында жанжал жұмысқа төленетін ақшаның аздығынан туындаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 65 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен екі шопан ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«9 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Кербұлақ аудандық полициясына өрісте зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы Іле ауданының 65 жастағы тұрғынының денесін анықтады. Әйелінің айтуы бойынша, ол Жаркент қаласына серіктесін алып келу үшін кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Кербұлақ АПБ бастығының орынбасары полиция майоры М. А. Қыдырәлінің басшылығымен, жергілікті орындарды қарау барысында ЖПБ жедел уәкілдері, полиция аға лейтенанттары Туралиев А. және Сейітжан А. Қоңырөлең ауылының маңында, жолда келе жатқан мас адамды күдікті ретінде ұстады. Сүретке түсіріп алып, тану үшін жәбірленушінің әйеліне ұсынған. Ұсталған адам кісі өлтіргенін мойындады және екінші шопанмен қайтып келе жатып, үшеуі ішімдік ішкенін айтқан», – делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ер адамдар арасында жанжал жұмысқа төленетін ақшаның аздығынан туындаған.

«Ауыл маңында жұмыс үшін аз төлейтінің айтып, жанжалдасқан. Кейін екеуі бірге марқұмды тұншықтырған. Телефон мен ақшаны алып, мәйітті далаға тастап, жәбірленушінің көлігімен өздері кетіп қалған. Ұрланған ақшаға ішімдік сатып алып, ішуді қайта жалғастырған. Қоңырөлең ауылының маңында көлік сынған. Екінші күдікті, Панфилов ауданы Шолақай ауылының 44 жастағы тұрғыны, оны полицейлер марқұмның көлігінде ұйықтап жатқан жерінен тапқан. Күдіктілердің екеуі де қамауға алынды», – деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, олардың бірі бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны, соның ішінде мал ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталған. Екіншісі маскүнем ретінде тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі 7-тармағына «бір топ адамдармен жасалған адам өлтіру қылмысы» қайта сараланды.

Новости партнеров