Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа түсті

mail.7news.kz
mail.7news.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қылмыстық іс сотқа түсті. Бүгінгі таңда іс сот өндірісіне қабылданған жоқ. ҚІЖК нормаларына сәйкес судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен бас сот талқылауын тағайындау немесе істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды», - деп хабарлады Сарыарқа ауданы №2 сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Елжан Біртанов ҚР Президентінің Жарлығымен 2020 жылдың 25 маусымында Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған болатын. Ол 2020 жылдың 30 қазанында күдікті деп танылды. Ал 2020 жылдың 7 қарашасынан бастап үйқамақта отыр.

Новости партнеров