Қарағандыда 76,5 млн теңгеге есірткі және есірткі зертханасы табылды

11.10.2020 18:30

Жылдың басынан бастап облыста 4,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді

Polisia.kz

Қарағанды тұрғынының үйінен 76,5 млн теңгеге есірткі және есірткі зертханасы табылды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Карасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Қарағандыда өзімен бірге рюкзагі  бар ер адамды ұстады, оның ішінде салмағы 750 грамм болатын ақ түсті кристалды зат салынған целлофан пакеті болды.

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұсталған адамнан жалпы салмағы бес килограмнан асатын есірткі заттарын тәркіледі, сондай-ақ синтетикалық есірткі шығаратын зертхана табылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі «есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қара базардан алынған есірткі заттарының шамамен алынған құны шамамен 76,5 млн теңге сомаға бағаланады», – деп атап өтті Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Жылдың басынан бастап Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 4,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.