|
26.04.2022 | 11:49
4554

Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға бірнеше рет ішімдік ішкізген

Осы қылмыс үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген

Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға бірнеше рет ішімдік ішкізген Shutterstock.com

Нұр-Сұлтан тұрғыны 13 жастағы қызға ішімдік ішкізген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, Ақмола облысында Ақкөл ауданына қарасты елді мекендердің бірінде тұратын 13 жастағы тұрғын еліткіш дәрі-дәрмектер, бірнеше рет алкогольдік ішімдіктер ішкені анықталды. Заңсыз әрекеттерді 2021 жылдың 25 желтоқсаны мен 26 желтоқсаны аралығында 34 жастағы елорда тұрғыны жасаған.

Қазіргі уақытта Ақкөл аудандық ПБ тергеу бөлімі бұл дерек бойынша ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігіне ("Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту") сай соталды тергеуді бастады.

"Кәмелетке толмаған адамды алкоголь және құрамында спирт бар өнімдерді, еліткіш дәрі-дәрмекті жүйелі пайдалануға (ішуге) тарту жасөспірімдер маскүнемдігіне әкеледі, ал баптың санкциясында осы қылмыс үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир