Алматыда қыз тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап кетті

26.06.2024 16:52

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр

Алматыда қыз тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан құлап кетті. Полиция департаменті мәліметінше, ол қаза болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде қыздың болжам бойынша 6-қабаттағы терезе шетіне шыққаны түсірілген видео жарияланды. Сосын ол қатты күліп, билей бастайды. Бір сәтте, куәгерлердің айтуынша, ол құлап кеткен.

Алматы Полиция департаменті бұл факт "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.

- Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводағылар.