|
08.05.2023 | 11:55
1812

Маңғыстау облысында сәбиді сатқан күдікті ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Маңғыстау облысында сәбиді сатқан күдікті ұсталды Polisia.kz

Маңғыстау облысында сәбиді сатқандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

4 мамыр күні сағат 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. 

Сондай-ақ полиция қызметкерлері нәресте тапсырған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды. 

Дерек бойынша Маңғыстау облысы ПД-де ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер кәнісін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Дереккөз: Polisia.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир