«Қорғас» кеден бекетінде шетел валютасын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

26.07.2023 16:56

Барлық факті бойынша әкімшілік материал толтырылды

elements.envato.com

«ШЫХО-Қорғас» кеден бекетінде шетел валютасын тасымалдау әрекеттері тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, 1 шілдеден 20 шілдеге дейін «ШЫХО-Қорғас» кеден бекетінде кеден бекетінің қызметкерлері шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеріс жүргізді.

«Тексерушілер кедендік бақылаудың техникалық құралдарын және қызметтік иттерді пайдалана отырып, жеке тұлғалардың жалпы сомасы 40,2 мың АҚШ доллары, 17,8 млн теңге және 60,0 мың юаньға декларациясыз ақша қаражатын тасымалдаудың 5 фактісін анықтады», - делінген комитет хабарламасында.

ҚР Кеден кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

Барлық факті бойынша әкімшілік материал толтырылды.

Теги: Қорғас