Колледждердің құрылысы осы жылдың тамыз айында басталады
Алматы қаласының Алатау ауданында 2 мемлекеттік колледж салу жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Зерделі» шағынауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық колледж салынады. Сондай-ақ индустриялық аймақ аумағында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық инновациялық технологиялар колледжінің құрылысы бойынша мердігер анықталды. Колледждердің құрылысы осы жылдың тамыз айында басталады.