Ол қамауға алынды
Ағымдағы жылдың наурыз айында қызметінен босатылған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов тыңшылық жасады және мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, ол үшінші елдердің пайдасына жұмыс істеген. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
М.Шайхутдиновтың өзі қамауға алынды.