Шымкентте оқушы адам өлтірді деген күдікке ілінді

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Профессорды соққыға жығып, жарақаттаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте профессор ауыр соққыдан ажал құшты. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, медициналық академияның ұстазын 11-сынып оқушысы ұрған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сөйтіп, көшеде дәрменсіз күйде жатқан оны жүргіншілердің бірі көріп, жедел-жәрдем шақырыпты. 57 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде 5 күн бойы жатып, тілге келмей жан тапсырды. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

– Науқасқа «мидың ауыр жарақаты» диогнозы қойылған. Жансақтау бөлімінде науқасқа қарқынды емдеу терапиясы жүргізіліп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Өкпені жасанды тыныстандыру апаратына қосылғанына қарамастан, жарақатының ауырлығына байланысты науқас ес жимастан, 20 мамырда сағат 13:00-де қайтыс болды, – деді қалалық №1 клиникалық ауруханасының хирургі Мадияр Дүйсенов.

Оқи отырыңыз: Қол көтеріп, қысым көрсетті: жедел жәрдем қызметкерлерін пәтерге қамады

Новости партнеров