Желіде полиция қызметкерінің құқықбұзушыны қуып бара жатқан видеосы тарады. Ішкі істер министрлігі өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"6 қазанда сағат 12.00-де Жаңаөзен қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген Toyota Crown автокөлігін тоқтатты. Бұл дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Материал сотқа жіберілді", - деді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар, қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Заң бұзған қызметкердің іс-әрекетін тәртіптік комиссия қарастыратын болады.
Еске салайық, бұған дейін Желіде полиция қызметкерінің құқықбұзушыны қуып бара жатқан видеосы тараған еді. Lada.kz мәліметінше, қашып бара жатқан ер адам да полиция қызметкері болған.