|
23.04.2023 | 12:13
1916

Жетісу облысында қылмыстық топ ұсталды

Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жетісу облысында қылмыстық топ ұсталды POLICE_of_KZ

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бизнесменнен ақша талап еткен күдіктілерді арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегімен ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер жергілікті кәсіпкерді қорқытып, 15 мың қытай юань талап еткен.

«Топ үш адамнан тұрады. Біреуі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы облысы, үшіншісі - Жетісу облысының тұрғыны. Жәбірленуші оларға ақша беру кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді», – деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабы «Бопсалау» бойынша жүргізіледі. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир