Оқиға Ағадыр ауылында болған
Қарағанды облысында тал түсте оққа ұшқан азаматтың денсаулығы орташа жағдайда. Қазіргі таңда тұрғын дәрігерлердің жіті бақылауына алынған деп хабарлайды Almaty.tv
Еске сала кетейік, кеше Ақадыр кентінде көше ортасында атыс болып, бір адам жарақат алды. Ал қару қолданып, адам өлтіруге оқталған азаматтардың жеке басы анықталып үлгерді. Елді дүрліктірген топ қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.
– Жүргізілген кешенді іс-шараның нәтижесінде қарумен Ақадыр кентінің тұрғынын өлтіруге оқталған 28 бен 47 жас аралығындағы 4 адам ұсталды. Оқиғаға қатысушылар анықталуда. Ал жарақат алған азамат ем-домын жалғастырып жатыр, – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқи отырыңыз: Өскеменде 3 ай бұрын жоғалған зейнеткердің денесі табылды