Өскеменде 3 ай бұрын жоғалған зейнеткердің денесі табылды
elements.envato.com
Оны соңғы рет ауылдастары 7 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында көрген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскемен қаласында 3 ай бұрын жоғалып кеткен қарт кісінің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 74 жастағы азамат қала іргесіндегі Согра кентінде тұрған. Үйінен белгісіз бағытта шығып сол күйі хабарсыз кеткен. Оны соңғы рет ауылдастары 7 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында көрген.
Жедел-іздестіру шараларына полицейлер мен волонтерлер тартылды. Алайда сол кезде оны табу мүмкін болмады.
«Зейнеткердің денесі Согра кентіндегі ашық аумақтан табылды. Қазіргі уақытта оның неден көз жұмғаны белгісіз. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жер сілкінді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35