|
23.08.2024 | 12:27
85

Ақтөбе облысында түрмеге телефонды нанның арасына тығып кірмек болған адам ұсталды

Осы факті бойынша күзет бөлімінің кабинетінде әкімшілік хаттама жасалды

Ақтөбе облысында түрмеге телефонды нанның арасына тығып кірмек болған адам ұсталды polisia.kz

Ақтөбе облысында сотталғанға тыйым салынған зат өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №70 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған затты ұстап алды. Осылайша, нанды кесу кезінде ОРРО қара түсті сақтауға және пайдалануға тыйым салынған жасырын зат табылды.

Сотталғанға сәлемдемені Ақтөбе қаласының тұрғыны жіберуге тырысқан. А. азаматына қатысты материал жасалып, тиісті шешім қабылдау үшін тұрғылықты жері бойынша сотқа жіберілді. Құқық бұзушылық негізінде А. азаматының іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың айқын белгілері бар екені анықталды.

"Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тексеруден жасырып немесе осы мекемелерде орналасқан адамдарға алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік заттарды және басқа да заттарды, ақшаны, азық-түлікті, бұйымдарды және басқа заттарды кез келген тәсілмен беруге тырысқан адамдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деп атап өтті ҚАЖ департаментінде.

Осы факті бойынша Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің кабинетінде әкімшілік хаттама жасалды.

Оқи отырыңыз: Қызылордада бала тісін емдеймін деп мүгедек болып қалған

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир