Түркістан облысында банк қызметкері тұрғынның атынан 1 млн теңге несие рәсімдеген

Фото: myseldon.com
Фото: myseldon.com
Күдікті кінәсін толықтай мойындап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы полицейлері тұрғынның атынан артығымен несие шығарып, алаяқтық жасаған қызметкерді анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйел өз арызында банктердің біріне 1,5 миллион теңге несие алуға барғанын, банк келісімін беріп, қызметкер аталған несиені шығарып бергенін айтады. Алайда арадан бір жылға жуық уақыт өткенде тұрғын, банк қызметкері сол кезде заңсыз әрекет жасап, мұның атынан 2,5 миллион несие шығарып, бір миллион теңгесін алаяқтық жолмен жымқырғанын біледі. Содан полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.  

Алаяқтық қылмысты тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылды. Нәтижесінде полицейлер күдікті азаматты ұстап, бөлімшеге жеткізді. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті қазіргі таңда банкте жұмыс жасамайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің тағы осындай алаяқтық жайттарына қатыстылығын анықтады. Күдікті азаматтың жергілікті тұрғынның бірінен дәл осындай алаяқтықпен 700 мың теңге алғаны анықталды.

Күдікті кінәсін толықтай мойындап отыр. Қазіргі таңда күдікті азамат қамауда. Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға кез келген құжатқа қол қоймас бұрын жақсылап қарап, мұқият зерттеп барып әрекет жасауға кеңес береді.

Новости партнеров