ШҚО-да аудан әкімдігі қызметтік көлікті екі есеге қымбатқа сатып алмақ болған

elements.envato.com
elements.envato.com
Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаудың жолы кесілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысындағы аудан әкімдігі мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы автокөлікті нарықтағы құнынан екі есеге қымбат бағаға сатып алмақ болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі былтыр «Дарын» мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 16 миллион теңгеге «Лада Гранта» автокөлігін сатып алмақ болған. Ал бұл көліктің ең төменгі нарықтық бағасы – шамамен 6 миллион теңге.

- Мәселені қарау кезінде бұл сатып алу толығымен тоқтатылды. Біз мемлекеттік сатып алулар порталына тұрақты түрде мониторинг жүргіземіз. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтауға, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен жұмсауды жоюға мүмкіндік береді, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шәкенов.

Оқи отырыңыз: Пара алған шымкенттік шенеунік сот залында неге жылады

Новости партнеров