Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты тергеу аяқталды

pinchprofit.com
pinchprofit.com
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарынша, құмар ойынды тарататын аккаунттар да автоматты түрде бұғатталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты 1000-ға жуық істің тергеуі аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған жұмыс нәтижесінде құқықбұзушылық саны 3 есе азайған. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарынша, құмар ойынды тарататын аккаунттар да автоматты түрде бұғатталады.

Өткен жылы 5,5 мың онлайн казиноның сайт жұмысына шектеу қойылды. Биыл осындай 2 мыңнан астам желі анықталған. Ал соңғы уақытта TikTok желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданған.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды. Ойынға күн сайын мыңдаған адамның қатысқаны белгілі болды. 10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды, оның үшеуі бойынша үкім шықты, 4 адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: TikTok әлеуметтік желісі бұғатталады

Новости партнеров