ҚМА азаматтарды қырағы болып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады
Қостанайда Qnet LTD құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚМА аумақты департаменті мәліметінше, күдіктілерді Qnet LTD қаржы пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.
«Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп, тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді. Осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды. Азаматтардың қырағы болып, жинағын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі айда 40-тан аса қару-жарақ тәркіледі