Ұйғыр ауданында ауруханадан ақша жымқырған бухгалтер сотталды

30.01.2024 17:40

Бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде енгізген

elements.envato.com

Алматы облысында аурухананың бас есепшісі 7 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Ұйғыр аудандық орталық аурухананың бухгалтері Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың қаражатын 90 млн теңге көлемінде бергені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде енгізген.

«Азамат Д. аудандық аурухананың есепшісі бола отырып, бұл қаражатты өз шотына аудару арқылы иемденген. Талдау шеңберінде Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 млн теңгенің заңбұзушылығын анықтады, олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет. Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылды», - деп хабарлады Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Мердігерлер тапсырыс берушілердің шотына шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін шарт құнынан 3% ақшалай қаражат енгізеді.

Бұл енгізілген қаражат мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін кәсіпкерге қайтарылады.