Астанада автобус жаяу жүргіншіні соғып кетті: әйел оқиға орнында көз жұмды

27.08.2024 17:49

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

elements.envato.com

Астанада Тұран мен Сығанақ қиылысында автобус жаяу жүргіншіні соғып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Тұран даңғылына оңға бұрылу кезінде жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен кесіп өткен жаяу жүргіншіні соққан. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды», - деп хабарлады полиция департаменті.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.