Бурабай кентінде 4 әйелді зорлықпен өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

05.12.2020 17:54

Күдікті бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотты болған

Иллюстративное фото

Ақмола облысының Бурабай кентінде 4 әйелді зорлықпен өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 желтоқсан, түнгі сағат 00:00-де Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, Бурабай кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өзі адам өлтіргенін айтқан.

 «Хабарланған мекенжайға жеткен жедел-тергеу тобы зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесін тапты. Тәртіп сақшылары Бурабай кентінің бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотты болған 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды», – деді ведомстводан.