Ақмола облысында алаяқтық жолмен бюджет ақшасын жымқырған есепші сотталды

05.10.2023 в 18:03

Ол 2021-2022 жылдар аралығында өзіне жоғары еңбекақы қою арқылы 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған

globalnews.kz

Ақмола облысында бөбекжай есепшісі алаяқтық жолмен бюджеттен 7 миллион теңгеден астам ақша жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, айыпталушы 2021-2022 жылдар аралығында өзіне жоғары еңбекақы қою арқылы 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған. Сотта айыпталушы кінәсін мойындады, өкініп, залалды ішінара өтеді.

Бұдан басқа, оның кінәсі аудиторлық компанияның қорытындысымен, куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерімен, төлем тапсырмаларымен расталды.

«Көкшетау қалалық соты оған материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Келтірілген материалдық залал өндірілді. Сотталушының асырауындағы үш жастағы баласы бар екенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындауды 5 жылға кейінге қалдырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, сот лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарағаны және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін білім басқармасына жеке қаулы шығарды.