Ноутбук алуға бөлінген қаражат есебінен 37 миллион теңгені қалталарына басты деп айыпталуда
Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова қамауға алынды. Сондай-ақ оның сыбайласы Fқпараттық технология орталығының директоры Арапби Меңлібаев та темір торға тоғытылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар қашықтан оқуға қажетті ноутбук алуға бөлінген қаражат есебінен 37 миллион теңгені қалталарына басты деп айыпталуда. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.