Жалған түбіртек: «Қазпошта» бөлімшесіндегі кассирдің айласы әшкере болды

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Олар 84 млн теңге мемлекеттік бажды жымқырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысындағы «Қазпошта» бөлімшесінің кассирлері 84 млн теңге мемлекеттік бажды жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Жамбыл ауданының қызметкерлері көші-қон қызметіне жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып отырған. Осылайша мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп, аса ірі мөлшерде шығын келтірген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

– Тергеп тексерумен Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғаны анықталды. Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: СҚО-да трактор мен жеңіл көлік соқтығысты

Новости партнеров