|
21.07.2024 | 17:22
349

СҚО-да трактор мен жеңіл көлік соқтығысты

Салдарынан 3 адам көз жұмды

СҚО-да трактор мен жеңіл көлік соқтығысты СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болып, үш адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.


Петропавлда көлік апатынан үш адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Өңірдегі полиция департаментінің мәліметінше, апат жол талғамайтын автомобиль мен трактордың соқтығысуынан болған. Жантүршігерлік жайт 20 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысының өмірін жалмады. Ал трактор тізгіндеген азамат медициналық көмекті қажет етпепті.

– Полиция қызметкерлері жол көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптама мен сотқа дейінгі іс жүргізу тағайындау үшін материалдар жинауда. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Инфинити көлігінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 27 және 37 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал 1996 жылғы қыз бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы Нұрбек Баекин.











Оқи отырыңыз: Хромтауда өрттен 15 адам құтқарылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир